Жарияланған күні: 19.11.2019 10:00
Өзгертілген күні: 19.11.2019 12:02

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке тұлғалардың 2019 жылға көлік салығын 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді. Жеке тұлғаларға  салық төлеу тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

2019 жылға көлік салығын есептеуді сіз ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде жасай аласыз.

Салық төлеуді, еgov.kz порталында  электрондық түрде жүргізуге болады. Ол үшін, Egov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органыныңа тауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодынтаңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz и другие) төлеуге болады.

Салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда, қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселі көлемінде өсім есептелетінін еске саламыз.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық арна арқылы алатынын атап өтеміз.

 

Өндірістік емес төлемдер басақармасы