Жарияланған күні: 22.09.2023 16:45
Өзгертілген күні: 22.09.2023 16:46

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер баскармасы, Салық және бюжжетке төленентін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі ) 532 бабының 1 –ші тармағына сәйкес жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді, сондай-ақ, егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.
2022 жылға есептелген мүлік салығы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 1 қазанына дейін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылатын болады.
Салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің Мемелкеттік Кірістер Комитеті «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасын(App Store және Play Market жүктеп алуға болады) жүзеге асырды, бұл қолданушылар үшін тиімді.Осы қосымшада Қазақстан Республикасының әрбір азаматы алдағы төлемдердің сомасын білегу, сондай-ақ Салық Заңнамасына сәйкес мерзімде бюджетпен есеп айырысуды жүргізегу мүмкіндігі бар.
Мобильді қосымшаға кіру үшін, Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында, Сіздің ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) Сіздің ЖСН-де тіркелуі қажет.
Жеке тұлғаларға дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге мүмкіндік берілген.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 қазанына аяқталады.
МКК порталында, «электронды үкімет» (egov. kz) порталында алдағы төлемдерді көруден басқа, банктердің мобильді қосымшаларында деректерді алу мүмкіндігі іске асырылды (Kaspi kz, Homebank).
Бұл ретте МКК мобильді және банк қосымшаларының алдағы төлемдер сервисіндеесептелген мүлік салығының сомасы дербес шоттағы бар төлемді (артық төлемді) ескере отырып көрсетіледі.
Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып табылмайды, осыған байланысты бұл сома МКК мобильді қосымшасының «Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін салықтық берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді.
Жеке тұлғалар салықты басқа тәсілдермен төлей алады: екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелеріндегі төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы