Жарияланған күні: 23.07.2019 16:07
Өзгертілген күні: 23.07.2019 16:09

03.07.2019 жылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес жеке тұлғалардың салықтары бойынша өсімпұлдарды есептен шығару жолымен іске асатын салықтық рақымшылық қарастырылған.

Салық төлеушілер назарына 01.01.2019 жылғы салық мерзіміне дейін жеке тұлғалардың салықтар бойынша негізгі салықтық борышты төленген жағдайда, өсімпұлдар салықтық рақымшылық ретінде жойылатын хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң шеңберінде Қаржы Министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітіледі. Айта кетейік, аталған заң 2019 жылдың 16 шілдесінен күшіне енді.

Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет. Назарынызға ескертсек, салық рақымшылығы ағымдағы жылдың сонына дейін ғана болады.

 

Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы