Жарияланған күні: 11.12.2019 09:06
Өзгертілген күні: 11.12.2019 09:13

2019 жылғы 9 желтоқсанда Орталық базар аумағындағы «АБИС» базарында сауда жасайтын кәсіпкерлермен Жітіқара ауданы бойынша МКБ мамандарының кездесуі өтті.

Кәсіпкерлерге патенттен салық салудың басқа режимдеріне ауысу тәртібі және онлайн режимінде бақылау-кассалық машинаны орнату және пайдалану міндеттілігі түсіндірілді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылдан бастап кейінге қалдырылған Салық кодексінің нормалары жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнайы салық режимін қолдану талабын өзгерту бөлігінде күшіне енеді.

Салық кодексінде патентті қолдану құқығын сақталатын қызмет түрлерінің шектеулі тізімін (32 түрі) енгізіледі, атап айтқанда, сауда қызметімен айналысатын ЖК  2020 жылдан бастап патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға құқығы жоқ, және басқа салық режимдеріне көшуге міндетті.

Патенттік режимнен басқа салық режимдеріне ауысу үшін қазіргі уақытта патенттік режимді қолданатын ЖТ салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз тасымалдаушы түрінде басқа режимдерге көшу туралы хабарлама жіберуі  керек.

Көрсетілген хабарлама 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде ұсынылмаған жағдайда, салық органдары мұндай салық төлеушілерді тек жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ғана аударуға міндетті болады, одан шағын бизнес үшін басқа арнайы салық режимдеріне бір жылдан кейін ғана көшу мүмкін болады.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданумен салыстырғанда арнайы салық режимін қолданудың артықшылықтары түсіндірілді:

- АСР қолдану кезінде есеп жүргізу мен салық есептілігін ұсынудың оңайлатылған тәртібі сақталады (бухгалтерлік есеп жүргізуден босату);

- арнайы  салық  режимдерін  қолданатын  кәсіпкерлер  үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатылады.

2019 жылдың соңына дейін онлайнмен берілетін БКМ орнату кезінде ЖК 60 мың теңге мөлшерінде жеңілдік алады, бірақ 2019ж. ЖТС сомасының 50% артық емес.

Салық төлеушілерге кассалық аппараттардың  ВЕБ-қосымшалар түріндегі баламалары бар екендігі, оны ұялы телефондарға орнату бойынша барлық тәртіп 2019 жылғы 8 тамызда Қостанай облысы бойынша МКД сайтында орналастырылғаны түсіндірілді.

 

Жітіқара ауданы бойынша МКБ