- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 08.11.2019 11:09
Өзгертілген күні: 08.11.2019 11:16
1.сылақ жұмыстарын;
2.ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
3.еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
4.бояу және шынылау жұмыстарын;
5.такси қызметін;
6.автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
7.сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
8.фотография саласындағы қызметті;
9.аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
10.мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
11.көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
12.ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
13.бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
14.басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
15.ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
16.есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
17.спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
18.мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
19.басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
20.қосалқы білім беру қызметтерін;
21.өнер саласындағы қызметті;
22.компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
23.коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
24.жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
25.шаштараз қызметтерін;
26.маникюрді және педикюрді;
27.ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
28.жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
29.тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
30.базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
31.музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
32.үй жануарларын бағуды
Бұл дегеніміз, жоғарыда көрсетілген Тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;
тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.
Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.
Сонымен бірге , бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды. Яғни, патент негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын барлық кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау касса машиналарын қолдануға міндетті.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы