Жарияланған күні: 19.05.2015 10:07
Өзгертілген күні: 19.05.2015 10:08

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2014 жылдың 01 қыркүйегінен бастап мүлікті және капиталды жария ету бойынша бір жолғы акция басталғанын хабарлайды. Акцияның аяқталу мерзімі 2015 жылдың 31 желтоқсаны, мүлікті (қаражаттан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды беру мерзімі 2015 жылдың 30 қарашасы.

Жария етуге келесі мүліктер жатқызылады:

-         ақша;

-         бағалы қағаздар;

-         заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

-         тиісті емес тұлғаға рәсімделген құрылыстар (іргетастар);

-         құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

-         Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Мүлікті жария ету бойынша өтініш:

      1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынылады.

Қостанай облысының мемлекеттік кірістер басқармасының жанындағы комиссияға Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария ету үшін 01.09.2014 жылдан бастап өтініш келіп түскен жоқ.

Қостанай облысы бойынша жергілікті орындаушы органдардың (әкімдіктер) жанындағы комиссияларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiкті жария етуге 01.09.2014 жылдан бастап 30.04.2015 жыл аралығында 2360 объект бойынша 989 өтініш түсті, мүліктің құны 1 056,3 млн. теңгені құрайды, құны 736,8 млн.теңгені құрайтын 1 304 объект бойынша 602 өтініш бойынша жария етілді.