Жарияланған күні: 04.03.2019 17:42
Өзгертілген күні: 04.03.2019 17:44

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

Жеке тұлғалар "WhatsApp"мессенджері арқылы жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік құралдары салықтары бойынша салық берешегін есептеу, төлеу бойынша қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.

Сұрақтарды 8-747-467-02-09 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жіберуге болады.

Салық төлеушілерге жедел және толық жауаптар берілетін болады.

Осылайша, 2019 жылдың 2 айында Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен 90 салық төлеуші бойынша  179 сұраққа жауап ұсынылды.

Салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсынан  www.kgd.gov.kz  көруге болады және "электрондық үкімет" порталында "Электрондық сервистер", "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" бөлімінде, азаматтың ЖСН бойынша қосымша хабарлайтын боламыз.