Жарияланған күні: 15.11.2018 10:36
Өзгертілген күні: 15.11.2018 15:30

   

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимінің 2019  жылға арналған                     (бұдан әрі –АШТӨ-ге АСР) таңдау тәртібі             Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті АШТӨ үшін  2019 жылға  АСР таңдау тәртібін түсіндіреді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі - АШТӨ) Салық кодексінің 697 және 698-баптарында белгіленген шарттарға сәйкес келгенде таңдауға құқылы, бұл ретте 2018 жылы АШТӨ үшін АСР қолданатын салық төлеушілер,  осы аталған салық режимінде 2019 жылы және келесі жылы автоматты түрде қалады.

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар АШТӨ үшін АСР таңдауда уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша салық режимін қолдану туралы хабарламаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынуға міндетті. Бұл ретте жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін АШТӨ үшін АСР қолданудың басталған күні болып әділет органдарындағы мемлекеттік тіркеу күні есептеледі. 

Жалпыға белгіленген салық салу тәртібін немесе басқа да арнаулы салық режимдерін қазіргі уақытта қолданушы салық төлеушілер, АШТӨ үшін АСР-не ауысуға құқылы. Бұл үшін АШТӨ белгіленген нысандағы хабарламаны тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына жіберуі тиіс.  Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жүзінде немесе электронды түрде ұсынады, мұндай жағдайда АШТӨ үшін АСР қолданудың басталу күні қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың бірінші күні болады.

Сонымен қатар, таңдалған арнаулы салық режимі күнтізбелік жыл ішінде өзгермейтінін ескеру қажет, мұндай салық салу режимінде Салық кодексiнiң 78-тарауында белгiленген АШТӨ үшін АСР қолдану шарттарына сай келмейтін жағдайлардың туындауын ерекшелікке жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

   Түсіндіру жұмысы  басқармасы.