Жарияланған күні: 21.09.2018 18:06
Өзгертілген күні: 21.09.2018 18:09

Электрондық­­-сауда бойынша сұрақтар мен жауаптар

               Көптеген салық төлеушілер электронды сауда өнімдері бойынша жеңілдіктерге қызығушылық танытады және осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды:

Жеңілдіктер кімдерге қарастырылған?

Интернет арқылы тауарларды электрондық саудаға тартылған салық төлеушілерге корпоративтік табыс салығы (жеке табыс салығы) бойынша жеңілдіктер қарастырылған

Жеңілдіктер алу үшін не қажет?

Электрондық саудамен айналысатын тұлғаларға жеңілдіктер  алу үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелу керек және сол жерде орналасқан  Мемлекеттік  кірістер органдарына қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама жіберу қажет. Болашақта  келесі шарттарды сақтауы керек:

<>--өзіңіздің  тасымалдау  қызметіңізді  немесе  тасымалдауды  жүзеге асыратын тұлғамен  тауарларды  жөнелту  туралы  шарт  жасаңыз.

Жеңілдіктер қандай мөлшерде беріледі және оны қалай есептей аласыз?

Интернет саудамен  айналысатын тұлғалар корпоративтік табыс салығынан (жеке табыс салығы) 100% босатылады және электронды тауарларды сатудан түсетін табыс салық төлеушінің салық кезеңі үшін алған жылдық жиынтық табысының кемінде 90% құрайды. Сонымен қатар, ЖТС  қысқартуды 100% -ға қолдану үшін жалпыға ортақ салық режимін қолдану қажет.

АСР-не  тіркелген  салық  төлеушілер (арнайы салық режимі) жеңілдікті пайдалана алады ма?

Егер заңды тұлға, жеке кәсіпкер оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданса, ол электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге 100% мөлшерінде ЖТС-ны қысқартуды қолдануға құқылы емес.

Интернеттегі саудада басқа шарттар немесе шектеулер бар ма?

Жоқ.                                                                                                                                                 Бұдан басқа, тауарлардың электрондық саудасына тауарларды тиеп-жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіпте, шарттарда және нысанда салық органының сұрауы бойынша ақпаратты ұсынатынын қосымша хабарлаймыз.

Электрондық сауда бойынша ақпарат  https://kgd.gov.kz  немесе http://kst.kgd.gov.kz сайтына орналастырылды.

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

         сти