Жарияланған күні: 21.09.2018 16:17
Өзгертілген күні: 21.09.2018 16:55

            

             Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайлы.

Мемлекеттік қызметті алуды қарапайым және тиімді ету мақсатында 2016 жылдың 1 сәуірінен мемлекеттік қызметті экстерриториалдық негізде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Пилоттық жоба Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Мангистау, Атырау, ЗКО және ЮКО облыстарында жүргізілді.

Пилоттық жоба оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс Комитетімен 2018 жылдың 1 қазанына бастап Алматы, Астана, Шымкент қаласы аумақтарына кеңейту туралы шешім қабылданды.

          Мемлекеттік қызметті алуға жүгіну мүмкіндігін беру үшін пилоттық жоба кезінде көрсетілетін келесі мемлекеттік қызметтер таңдап алынды:

  1. Салық төлеушілерді тіркеу
  2. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру.
  3. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру.
  4. Қазақстан Республикасының резинденттігін растау.
  5. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау).
  6. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру
  7. Салық есептілігін қабылдау
  8. Салық есептілігін кері қайтарып алу
  9. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу
  10. Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару
  11. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту
  12. Салық төлеушілерді тіркеу.

Осыған байланысты қызмет қабылдаушы жоғарда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу мақсатында жақын маңда орналасқан Қостанай облысының аумағындағы мемлекеттік кірістер органдарына, сондай-ақ Пилот жобасына қатысатын облыстардың мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне алады.