Жарияланған күні: 12.07.2018 18:00
Өзгертілген күні: 12.07.2018 18:01

2018 жылғы 12 шілдеде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеден ісі саласындағы сыбайлас жемқорлық құбылыстарымен күрес мәселелері бойынша СЭҚ қатысушылары, кеден өкілдері және кеден блогының қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Кіріспе сөзбен Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасының басшысы Е.А. Найденов сөз сөйлеп, 2014 жылғы 26 желтоқсанда Елбасының № 986 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда негізгі бағыттардың бірі мемлекет пен қоғамның түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге негізделген алдын алу кешенді шаралар қолдану болып табылатынын хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына аса мән бөлген.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті қалыптастыруға бағытталған қызметті жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен, ү.ж. 9 мен 16 шілдесі аралығында облыс аумағындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы апатаны өткізу басталды. Аталған бастамада барлық мемлекеттік органдардың және қалалар мен аудандардың белсенді ат салысуы күтілуде.

Апта шеңберінде түрлі әлеуметтік топтар қатысуымен сыбайлас жемқорылққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шаралар, соның ішінде семинар-кеңестер, зияткерлік байқаулар, флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер және т.б. кешенді іс-шараларды ұйымдастыру күтілуде.

Осыған байланысты, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2018 жылдың 10-16 шілдесі аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аптаны» өткізу бойынша іс шаралар жоспары бекітілді.

Одан әрі, Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы-аға тергеуші Қ.Ә. Қасенов 2018 жылдың 1-жартыжылдығы ішіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жүргізілген жұмыспен таныстырды.  СЭҚ қатысушыларын Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттері жағдайында Қостанай облысы бойынша МКД-нің кезекші бөлімініе 53-65-80 сенім телефонына, 8 701 448 89 07 «Whatsapp» телефон нөміріне, uvb_dgd@mail.ru электрондық мекенжайына хабарласуға шақырды.

 

Тарифтік реттеу және

пост-кедендік бақылау басқармасы