Жарияланған күні: 13.07.2018 12:39
Өзгертілген күні: 16.07.2018 11:40

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының тоғызыншы бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекетіне аса мән берілген. 

Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды мақсаттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез келген анықталған жемқорлыққа нөлдік төзімділік атмосферасын қалыптастыру арқылы барлық қоғамды тарту болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және ескертуге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы апталықтың аясында Мемлекеттік кірістер департаменті 12.05.2018 жылы Департаменттің негізгі құрамының және барлық 20 аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мен 3 кеден бекетінің мамандарының бейнебайланыс арқылы қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен және басқа да лауазымдық құқықбұзушылықтармен күрес» тақырыбында семинар өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды, лауазымды тұлғаның пара бергені үшін жауапкершілігін, ҚР «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет» Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкішеліріне арналған этикалық нормалар мен жалпы қабылданған ережелерді мүлтіксіз сақтауын түсіндіру мақсатында Департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы К.А.Қасенов сөз сөйледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы апталықтың шеңберінде Департаментте азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және кез келген анықталған жемқорлық фактілеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру бағытында – салық төлеушілермен және сыртықыэкономикалық қызмет қатысушыларымен бірге дөңгелек үстелдер, семинар-дәрістер, флешмоб сияқты  іс-шаралар өткізілуде және жоспарланды.

 

Қостанай облысы бойынша МКД баспасөз-қызметі