Жарияланған күні: 18.04.2019 16:40
Өзгертілген күні: 29.04.2019 15:07

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында 3 кеден бекетінің: "Қостанай-ЦТО", "Арқалық" және "Жетіқара" тауарларды кедендік ресімдеуді "Астана-1" ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.

2019 жылдың 1 тоқсанында біздің облыстың шекарасы арқылы 455 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (бұдан әрі-СЭҚҚ)  тауарларды әкелу – әкетуді жүргізді.

2019 жылдың қаңтар - наурызындағы сыртқы экономикалық сауда көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2% - ға артып, 571 562,0 мың АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, импорт 46,9% - ға, экспорт 11,3% - ға өскені байқалады.

Импорттық жеткізілімдер көлемінде айтарлықтай үлесті химия өнеркәсібі өнімдері, тамақ өнімдері, жабдықтар мен механизмдер, көлік құралдары құрайды.

Біздің облысқа импорттық өнімдерді жеткізу әлемнің 38 елінен жүзеге асырылады, олардың  ең ірі жеткізушілері алыс шет елдер болып табылады – 96%, Жапония, Қытай, Литва және т. б.

ТМД елдерінен құны 5 937 мың АҚШ доллары немесе импорттың жалпы көлемінің 4% - ы, негізінен Украинадан  әкелінген тауарлар.

Экономиканың аграрлық және тау-кен өндіру секторлары жетекші рөл атқаратын біздің облыстың ерекшелігін ескере отырып, экспорт құрылымында ең үлкен үлес салмақты темір кені, шекемтастар, асбест, бидай және бидай ұны алады.

Біздің өнімнің тұтынушылары 34 ел болып табылады, ең көп бөлігі алыс шетелдерге – 62%, негізінен Ауғанстан, Қытай және басқалары, сондай – ақ ТМД елдеріне-38%, олар Өзбекстан, Тәжікстан және басқаларына экспортталады.

Әдетте, Халықаралық сыртқы сауда қатынастары өңірдің экономикалық жағдайын дамытуға ықпал етеді.

Өз кезегінде, мемлекеттік кірістер органдарымен адал салық төлеушілер мен СЭҚҚ үшін еркін халықаралық сауданы ынталандыру бөлігінде қолайлы жағдайлар жасалды.

Осылайша, тауарларды электронды декларациялауды жүзеге асыру, декларация берген сәттен бастап тауар шығарылғанға дейін барлық кедендік процесті бақылау мүмкіндігін қоса алғанда, бірқатар артықшылықтары бар Астана-1 АЖ енгізілді.

Алдағы уақытта "бірыңғай терезені" енгізу есебінен процесті оңайлату жоспарлануда.

 

Қостанай  облысы  бойынша  МКД