Жарияланған күні: 20.11.2017 14:51
Өзгертілген күні: 20.11.2017 14:54

Құрметті салық төлеушілер!

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні  хабарлайды.

«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндірумен және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 16.07.1999 жылғы № 429 (бұдан әрі - Заң) Заңының 3-бабына сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

       - Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын және экономикалық мүдделерін қорғау;

      - Қазақстан Республикасында өндірілген және импортталатын этил спирті мен алкоголь өнімдерінің сапасын жақсарту үшін жағдай жасау;

      - көрсетілген өнімді өндіруді және айналымды мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету.

Акцизделетін тауарларды бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асырады, мына бөлігінде Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 653-бабында белгіленген акцизделетін тауарлардың белгілі бір түрлерін белгілеу тәртібін өндірушілердің, акцизделетін тауарлар айналымымен айналысатын тұлғалардың сақтауын.

Заңның 9-бабында тіркеу - бақылау маркаларын маркалауға жататын, тіркеу-бақылау маркасымен алкогольдік өнімдерден ақпарат оқитын және (немесе) тіркеу-бақылау маркаларын қорғау элементтерін анықтайтын құрылғылардың болмауы, алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға тыйым салу туралы ережені көздейді.

Осы Ережені бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 282-бабында (3-бөлім, 6-тармақ) көзделген - акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 600 АЕК-ке дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Сонымен бірге, Заңда қолдануға рұқсат етілген құрылғылар тізімін құру көзделмеген. Алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар, осы құрылғылар тіркеу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін анықтауға және (немесе) тіркеу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқуға мүмкіндік беретін жағдайда, нарық ұсынатын құрылғылардың түрлерін дербес таңдауға құқылы.