Жарияланған күні: 31.01.2024 18:08
Өзгертілген күні: 31.01.2024 18:09

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жүйесінде тұрған мемлекеттік органдар берілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және айқындылығы тапсырмасын қойған мемлекеттік органдардың бірі, және де оны жаңа ақпараттық жүйелерді (АЖ) әзірлеу және ендіру арқылы қол жеткізді. АЖ мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен жеке араласу мүмкіндігін болдырмайды. Істің жағдайы туралы ақпаратқа ерікті түрде рұқсат та мемлекеттік қызметшілермен жеке контакттерді немесе бір жағдайдың шешімін жеделдету мақсатында пара алу үшін қызметкерлердің ұсыныстарын болдырмайды.
Ақпараттық технологиялардың жетілуі, интернет мүмкіншілігін қолданудың ұлғаюы ұсынылатын электронды қызметтердің спектірін, сонымен қатар салықтық сферасын әрдайым арттыруға мүмкіндік береді. Алдымен, бұл салық есептілігін өңдеу жүйесін (СЕӨЖ) www.e.gov.kz «Электронды үкімет» веб-порталы қызметімен енгізілуіне байланысты.
Көптеген салық төлеушілер декларацияны қағаз түрінде тапсырудан бас тартып «электронды» дәрежесіне өтті, және де заманауи ақпараттық технологиялардың даусыз артықшылығына көз жеткізді. Декларацияларды электронды түрде тапсыруға көшуге шақырамыз.
Виртуалды «Салық төлешінің кабинеті» арқылы Интернеттің көмегімен декларацияны электронды түрде тапсырудың артықшылығы айқын. Бұл декларацияны кез келген уақытта, және де демалыс, мереке күндері мемлекеттік кіріс органыа жүгінбестен компьютер арқылы тапсыруға болады. Яғни, «электронды» салық төлеушілер мемлекеттік органның жұмыс кестесіне тәуелді емес.
Интернетке кіру мүмкіндігі бар әр салық төлеуші ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс Комитетінің порталында «Салық төлешінің кабинеті» Web-қосымшасына кіре алады. Сіз виртуалды кабинетке интернет арқылы қосыласыз, тиісті салық есептілігін электронды түрде толтырып, сәйкес салық органында өңделуге жолдайсыз. «Салық төлешінің кабинеті» Web-қосымшасымен салық төлеушіге қолайлы жерде тек қана интернетті қолданып бірнеше қызметті ала алады. Соның ішінде СЕН дайындау және тапсыру, хабарламаларды алу, өңделу статусын қарау, тапсырылған СЕН ізду және қарау, Салық, төлемақы, өсімпұл және басқа да міндетті төлемдерді қаутару және есепке жатқызуға арналған салықтық өтініші, Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдардың берешегінің бар және (немесе) жоқтағы туралы мәлімет алуға арналған салықтық өтініш, салық төлеушінің таратылуына байланысты құжаттамалық тексеріс жүргізу туралы салықтық өтініш, салық тексерісінің нәтижелерін шағымдау режимі, жер және мүлік салығы бойынша хабарлама, кмаералды бақылау нәтижелері бойынша хабарлама, электронды құжаттарды СЕН импорт/эскпорт, дербес шоттарды қарастыру, жеке тіркеу мәліметтерін қарастыру, салыстырмалы актілерді алу, дербес шоттардан үзінді алу.
Маңызды артықшылығы болып есептілік электронды түрде жолданатын жүйе - ақпараттың жеткізілуіне, рұқсатсыз кірудің қорғанысына және жеткізілген мәліметтердің растылығына кепіл беруі болып табылады. Осы электронды қызметтерді қолдана отырып, Сіз мемлекеттік кіріс басқармасына қосымша барудан және уақытыңызды айтарлықтай үнемдейсіз, жүйемен жұмыс істеудің дағдыларына ие боласыз.
Салықтық заңнаманың жетілуі, автоматтандырылуы мемлекеттік кіріс органындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге жолданған нақты шара болып табылады.