Жарияланған күні: 09.11.2023 12:14
Өзгертілген күні: 09.11.2023 12:14

2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңі басталады, бұл кезеңде «Активтер мен міндеттемелер туралы» (250.00-нысан) Декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер жұбайларымен ұсынуға міндетті.
Егер сіз жоғарыда аталған тұлғалардың санатына жататын болсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз немесе тоқтата тұрсаңыз онда сізге заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беруді ұсынамыз.
Ол үшін, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның басшысы екеніңізді, қызметін тоқтатқан немесе әрекетсіз салық төлеушілердің тізімінде екеніңізді мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық сервистеріне келесі сілтемелер бойынша өтіп тексере аласыз. www.kgd.gov.kz: https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable/list
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/entrepreneur
250.00 нысандағы салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарына 15-шілдеден кешіктірілмейтін мерзімде - қағаз жеткізгіште, электронды түрдегі 15-қыркүйектен кешіктірмей «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-salyqazamat, egovmobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы ұсынылады. 2024 жылы 250.00 ф. ұсынылғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуға тиіс екендігіне назар аударамыз.
Декларацияны уақтылы ұсынбағаны немесе мәліметтерді дұрыс көрсетпегені үшін бірінші рет ескерту қарастырылғанын, ал бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда-15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын естеріңізге саламыз.